Көкпекті суқоймасының иесі әдейі оны барынша толтырып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Көкпекті суқоймасының иесі әдейі оны барынша толтырып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бүгінде Көкпекті суқоймасында балық шаруашылығы жүргізіледі. Суқойманың иесі болса, одан түсетін табысты барынша арттыру мақсатында тоған суын әдейі шектен тыс толтырып отырған. Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың айтуынша, Көкпекті қоймасына "Шаңырақ" агрофирмасы" атты жекеменшік компания иелік етеді. Қазір апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. Суқойманың иесі сол істің негізгі фигуранты болуы тиіс.
Қоршаған және су ресурстары министрлігі болса, әзірше еліміздегі барлық суқоймаларды бақылай алмай отыр. Себебі ол нысандардың басым бөлігі жеке меншік кәсіпкерлердің қолында. Алайда "Азаматтық қорғаныс туралы" жаңа заң жобасы қабылданса, министрлік су қоймаларының иелік ету формасына қарамастан, осы санаттағы барлық нысандарды бақылауға алады.
Жалпы, бүгінде республика бойынша 465 суқойма бар. Оның тек 75-сі ғана мемлекеттің меншігіне жатады. Ал Көкпекті суқоймасына "Шаңырақ" агрофирмасы" атты жекеменшік компания иелік етіп отыр.