05 сәуір 2014 | 12:28

Көкпекті суқоймасының иесі мен жалға алушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©tengrinewstv.kz ©tengrinewstv.kz

Қарағанды облысы прокурорының нұсқауымен Көкпекті суқоймасы ернеуінің жарылып кетіп, бес адамның өліміне әкеп соқтыруына байланысты қойманың иесі мен оны жалға алғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Новый вестник".


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы прокурорының нұсқауымен Көкпекті суқоймасы ернеуінің жарылып кетіп, бес адамның өліміне әкеп соқтыруына байланысты қойманың иесі мен оны жалға алғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Новый вестник".

Одан бөлек, Бұқар-жырау ауданындағы шенеуніктерді де жауапқа тарту жайы қарастырылуда. Атап айтқанда, жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері заң алдында жауап беретін болады. Оларға қатысты "Өздеріне жүктелген міндеттерге немқұрайлы қарады" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта арнайы комиссия тергеу амалдарын жүргізіп, қоймадағы су көлемі мөлшерден артық жиналғанда судың ағызып жіберілгені немесе жіберілмегені анықталуда.

Атап өтейік, Көкпекті су қоймасын жалға алған компания заңгері қойма ернеуінің жарылып кетуіне байланысты өздерін кінәлі санамайтынын, керісінше олар қайғылы оқиға орын алмас бұрын барлық құзырлы орындарға қауіптің бары айтып, хабарлама берілгенін айтты. "Табиғат 21" өздеріне қарамаса да, соңғы жылдары дамбаны бекіту, күшейтумен айналысып келеді. Күз және көктем мезгілдерінде шлюзды ашық күйінде қалдырып келеді», - деді Вадим Ручий.

Еске саламыз, 2014 жылы наурыздың 31-і күні су қоймасының ернеуі жарылып кетіп, Көкпекті ауылын су шайып кеткен болатын. Ал оның арты 5 адамның өліміне әкеп соқтырған. Одан бөлек ауылдың 6 тұрғыны мұздай судан тоңып қалғандықтан ауруханаға жатқызылған. Мәлім болғанындай, Көкпекті ауылындағы 810 үйдің 650-і зақымданған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети