Көкпекті апатында қайтыс болғандардың есімі белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкпекті апатында қайтыс болғандардың есімі белгілі болды Владимир Божко. pm.kz

Үкіметтің бүгінгі отырысында төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Көкпекті апатында қайтыс болған азаматтардың есімдерін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметтің бүгінгі отырысында төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Көкпекті апатында қайтыс болған азаматтардың есімдерін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министр атап көрсеткендей, Көкпекті ауылын су басқаннан кейін жүргізілген апаттық-құтқару жұмыстары барысында 5 адамның жансыз денесі табылған болатын. "Олар - 1924 жылы туған Ноғаев, 1926 жылғы Нагибина, 1942 жылы дүниеге келген Ромашенко, 1963 жылғы Ноғаева және 1979 жылы туған Скибицкий есімді азамат", - деді В.Божко Үкіметтің бүгінгі отырысы барысында. Бұдан бұрын 26 адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың 6-уы ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, наурыздың 31-іне қараған түні Қарағанды облысының Бухар жырау ауданына қарасты Көкпекті аулына жақын тұрған су қоймасы тасып, біраз үйлерді су басты. Министр В.Божконың айтуынша, қойманың тасып жатқаны туралы ақпарат 7 сағат бұрын, яғни наурыздың 30-ы күні кешкі сағат 18:33-те түскен болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети