Көкпектідегі апаттан тағы тоғыз адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкпектідегі апаттан тағы тоғыз адам зардап шекті ©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Суқойма бөгетінің жарылуынан топан су астында қалған Көкпекті ауылында тоғыз адам зардап шекті. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суқойма бөгетінің жарылуынан топан су астында қалған Көкпекті ауылында тоғыз адам зардап шекті. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Департаменттің мәліметінше, оқиға орнында төтенше жағдайды залалсыздандыру жөніндегі арнайы штаб пен медпункт ашылып, тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр. Дәрігерлерге тоғыз адам көрінген, олардың суық судан тоңып қалған алтауы ауруханаға жатқызылды.

Қазір ауылдағы ахуал тұрақталып келеді. Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко келді.

Еске сала кетейік, 31 наурызға қараған түні Көкпекті суқоймасының бөгетін су шайып кеткен болатын. Іргедегі ауылдың 100 үйі су астында қалды. 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғи апат төрт адамның өмірін қиып кетті. Бұқаралық ақпарат құралдары тағы бір адамның мәйіті табылғаны туралы хабар таратқан еді. Бірақ төтенше жағдайлар қызметі ол адамның өлімі топан сумен байланысты емес екенін айтып отыр, мәйіт төтенше жағдай аумағынан тыс жерден табылған.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети