Көкшетау әкімінің жалақысы мәлім болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетау әкімінің жалақысы мәлім болды

Көкшетау әкімі Ермек Маржықпаев өзінің жалақысының көлемін атады және 2017 жылғы табысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетау әкімі Ермек Маржықпаев өзінің жалақысының көлемін атады және 2017 жылғы табысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияның ресми сауалына берілген жауапта, Көкшетау әкімінің ай сайынғы жалақысы 451 627 теңге екені жазылған. 2018 жылғы Ақмола облысының орталығы әкімінің жалақысы осындай.

Сыйақы мен үстемақыны қосқанда орташа жылдық табыс 6 миллион 145 мың 112 теңге. Жеке табыс салығы - 552 164 теңге, Көкшетау қаласының басшысы оны өз уақытында төлеп отыратынын айтты.

Хабарламаға сәйкес, 451 627 теңге көлеміндегі әкімнің жалақысы - 16 айлық ең төменгі жалақымен тең, соңғы есептер бойынша оның мөлшері 28 284 теңге.

"Жалақы мөлшері - жақсы өмір сүру деңгейі үшін жеткілікті. Ол айтарлықтай жоғары және ай сайынғы шығындарды қанағаттандырады. Қаражаттың бір бөлігі қажет болған жағдайда сақталып отырады", - делінген әкімдіктегілердің жауабында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети