Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды Жомарт Нұрғалиев. ©Kostanay.gov.kz

Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды. Ол - Жомарт Нұрғалиев, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды. Ол - Жомарт Нұрғалиев, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрғалиев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен тағайындалды. Ол 1958 жылы туған, Қостанай педагогикалық институтының түлегі. Еңбек жолын 1975 жылы Қостанай облысы Қамысты ауданының Орқаш кеңшарында құрылыс учаскесі жұмысшысы болып бастаған. 2006 жылдың мамыр айында Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі болып тағайындалды.

2009 жылдың ақпанынан 2012 жылдың ақпанына дейін Қостанай қаласының әкімі қызметін атқарды. Соңғы жылдары Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

3 маусым күні Көкшетау қаласының әкімі Жарқын Жұмағұлов өз еркімен қызметінен кеткен еді. Жұмағұлов бұл қызметте 2013 жылдың тамызынан бері отырды. Ол қызметінен кетерден бұрын Ақмола облысына Сергей Кулагин әкім болып тағайындалған болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети