Көкшетау техникалық институты
Көкшетаудағы жалғыз техникалық институт Астанаға көшірілуі мүмкін. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Көкшетау қаласында студенттер алдында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру кезінде мәлімдеді. Министр мырзаның баяндамасынан кейін сұрақ-жауап бөлімінде сауал қойған студенттердің бірі елдегі жалғыз техникалық институттың Астанаға ауысатыны жөнінде қауесет жүргенін, осыны нақтылап беруін өтінді. Сұраққа жауап берген Владимир Божко институттағы материалдық-техникалық жағдайдың жетіспеушілігіне қарамай ұстаздардың сапалы білім беріп жүргеніне таңданысын жасырмады. Осы себептерге байланысты Министр Көкшетаудағы техникалық институттың орнына Астанада заман талабына сай жабдықталған университет ашылуы мүмкін екенін хабарлады. Аталған университет елімізде қазіргі кезде қасқалдақтың қанынан қат болып жатқан химиялық, биологиялық және радиациялық инженер мамандарын даярлауы мүмкін. Әзірге тек идея сондықтан алдағы бес жылға дейін алаңдамай-ақ оқи беріңіздер, - деді министр.
Көкшетаудағы жалғыз техникалық институт Астанаға көшірілуі мүмкін. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Көкшетау қаласында студенттер алдында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру кезінде мәлімдеді.
Министр мырзаның баяндамасынан кейін сұрақ-жауап бөлімінде сауал қойған студенттердің бірі елдегі жалғыз техникалық институттың Астанаға ауысатыны жөнінде қауесет жүргенін, осыны нақтылап беруін өтінді.
Сұраққа жауап берген Владимир Божко институттағы материалдық-техникалық жағдайдың жетіспеушілігіне қарамай ұстаздардың сапалы білім беріп жүргеніне таңданысын жасырмады. Осы себептерге байланысты Министр Көкшетаудағы техникалық институттың орнына Астанада заман талабына сай жабдықталған университет ашылуы мүмкін екенін хабарлады. Аталған университет елімізде қазіргі кезде қасқалдақтың қанынан қат болып жатқан химиялық, биологиялық және радиациялық инженер мамандарын даярлауы мүмкін.
Әзірге тек идея сондықтан алдағы бес жылға дейін алаңдамай-ақ оқи беріңіздер, - деді министр.