03 маусым 2014 | 10:43

Көкшетау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Көкшетау қаласының әкімі Жарқын Жұмағұлов өз лауазымынан босатылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. 


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетау қаласының әкімі Жарқын Жұмағұлов өз лауазымынан босатылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. 

"Қала басшысы өз еркімен жұмыстан босатылды. Қазірдің өзінде ол ұжыммен қоштасып қойды. Енді жаңа әкім кім болатыны әлі белгісіз", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Жарқын Жұмағұлов бұл лауазымға 2013 жылдың 13 тамызында тағайындалған. 

Ол 1967 жылы 13 қазанда Көкшетау облысы Красноармейск ауданы Теңдік ауылында дүниеге келген. 1982 жылдан бастап 1986 жылға дейін совхоз-техникумда агроном мамандығы бойынша білім алып, 1986 жылдан бастап 1988 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында борышын атқарған. 1989 жылдан бастап 1994 жылдары Орал Мемлекеттік орман техникалық академиясының "Орман және бау-бақша шаруашылығы" мамандығы бойынша білім алған. Ал 2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің "Экономика" мамандығы бойынша сырттай білім алған.

Өзінің еңбек жолын Көкшетау облысының Подлесный совхозында жұмысшы-өсімдік өсірушісі болып бастаған. Академияны тәмамдаған соң, 1994 жылдан бастап 1995 жылдар аралығында Көкшетау қаласында жеке коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс атқарған.

1997 жылдан бастап Қаланың абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі басқармасында шебер болып жұмыс атқарған, 2000 жылы "Қалалық коммуналдық шаруашылық" МК прораб болып ауыстырылып, ал 2001 жылы кәсіпорынның қайта ұйымдастырылуына байланысты "Көгалдандыру құрылысы" МКК прораб, 2005 жылдан бастап 2008 жылдары – "Астана-Көгалдандыру Құрылысы" АҚ бас агроном, ал 2008-2009 жылдары "Астана-Орманы" МКК директоры қызметін атқарған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети