07 маусым 2017 | 12:51

Көкшетау колледжінің басшылығы студенттерден ай сайын 10 мың теңгеден жинап отырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Көкшетау колледжінде студенттерден ақша жинауға қатысты дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетау колледжінде студенттерден ақша жинауға қатысты дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қала колледждерінің бірінде бюджет қаражатына білім алып жатқан студенттер ай сайын 10 мың теңге төлеген болып шықты. Бұл жағдайды Ақмола облысының Білім басқармасының өкілдері анықтаған. Осыған байланысты оқу орнында тексеріс өткізіледі. 

"Бұл колледжбен бізде техникалық мамандықтар бойынша бюджеттік орындарды орналастыру туралы келісімшарт бар. Бюджет қаржысына оқып жатқан студенттер тегін білім алуға құқылы, ешқандай қосымша қаржы төлеуге міндетті емес. Бұдан басқа амалдар заңды бұзу болып саналады", - дейді Білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов.

Алайда колледж басшылығы ай сайынғы төлемдер демеушілік мақсатта болғандықтан, ақша жинаудың заңды екенін айтады. 

"Бюджеттен қаржы оқытушылардың еңбекақысына ғана бөлінеді. Ал коммуналдық қызметке ақшаны қайдан аламыз? Материалдық-техникалық құрылғыларға? Оқулықтарға? Білім басқармасынан бұл мемлекеттік тапсырысты алмас бұрын ата-аналарды жинап, айына 10 мың теңге беріп тұруға келісе ме деп сұрадық. Олар келісті. Келісімшарт жасастық", - дейді колледж директоры Күнсұлу Хусайнова. 

Сонымен бірге, колледж директоры ата-аналардың бірі қарсы болса, студент ақылы бөлімге ауыстырылатынын түсіндіре кетті. 

Ал Валерий Гамазов мемлекеттік тапсырыс сомасына педагогтардың еңбекақысы, коммуналдық қызмет ақысы және өзге де шығындар кіретінін айтады. Бұл қаражатта қарастырылмаған жалғыз шығын - күрделі шығындар, негізгі құрылғылырды сатып алуға, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге және тағы басқаларына жұмсалады екен. 

Таяу уақытта Білім басқармасы колледж басшылығының әрекеті қаншалықты заңды екеніне тексеріс жүргізеді. Тексеріс қорытындысы бойынша қажетті шаралар қолданылады. 

"Егер ата-аналар арызданса, колледж кассасына төленген қаражаттың барлығын қайтаруы керек болады. Егер шағым болмаса, қаржы колледжде қалады және бұл қайырымдылық ретінде қабылданады. Бірақ мұны тоқтататынымыз және алда болдырмайтыныз анық", - дейді Білім басқармасының өкілі. 

Сонымен қатар, облыс ораталығындағы мемлекеттік тапсырыс алған жекеменшік колледждерге де тексеріс жүргізіледі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети