21 шілде 2015 | 17:11

Көкшетау тұрғындары автобустардағы істемейтін Wi-Fi үшін шағым айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© V6a6d8im/yvision.kz © V6a6d8im/yvision.kz

Көкшетау тұрғындары автобус паркінің әкімшілігіне автобустардағы Wi-Fi қызметінің жұмыс істемейтіні туралы көп шағым айта бастады. "Көкшетау автобустар паркі" ЖШС директоры Әсия Шаримова Тengrinews.kz тілшісіне мұндай мәселенің бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сымсыз желі тек бес автобусқа ғана орнатылған.


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетау тұрғындары автобус паркінің әкімшілігіне автобустардағы Wi-Fi қызметінің жұмыс істемейтіні туралы көп шағым айта бастады. "Көкшетау автобустар паркі" ЖШС директоры Әсия Шаримова Тengrinews.kz тілшісіне мұндай мәселенің бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сымсыз желі тек бес автобусқа ғана орнатылған.

"Модем көне немесе басқа бір проблема бар. Wi-Fi үзіліп жұмыс істейді. Екі сағат жақсы жұмыс істесе, одан кейін қайтадан кірмей қалады. Модемді өшіріп, қайта қосса қалпына келеді. Әрине, өте ыңғайсыз. Бірақ бұл біздің модем емес, мәселе интернет орнатушыларда. Автобус паркі техникалық ақауға жауапкершілік алмайды. Біз провайдерлермен сөйлестік, бұл тек біздегі мәселе емес, Қазақстанның қалған 7 қаласындағы автобустарда да Интернет істемей қалады екен", - деді Шәрімова.

Оның айтуынша, провайдер мәселені жақын арада шешіп береді. Соған орай жаңа құрылғыларды қою жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, Wi-Fi bus жобасы 2013 жылы іске асырыла бастады. Одан бері Қазақстанның қалаларындағы 200 автобусқа Wi-Fi орнатылды. Олардың ішінде Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Петропавл, Түркістан, Орал, Алматы және Астана бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети