Көкшетауда жеті баласы бар аяғы ауыр әйел үй мәселесі мен жағдайының нашар екендігіне байланысты түсік тастауға мәжбүр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Көкшетауда жеті баласы бар аяғы ауыр әйел үй мәселесі мен жағдайының нашар екендігіне байланысты түсік тастауға мәжбүр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Тоғыз адамнан тұратын отбасы апатты жағдайдағы үйді ай сайын 20 мың теңге төлеп жалдайды. Мейірмановтар отбасы үшін бұл үлкен сома, бірақ көмектесетіндер табылмай отыр. "Жеті бала туралы айтсам бәрі теріс қарайды, тіпті туысқандардың өзі бізбен араласпайды", - дейді жеті баланың әкесі Бақберген Мейірманов. Ол базарда нәпақа табады, ақша болса нан мен сүтке ғана жетеді екен. Отбасы Көкшетауға жақында көшіп келген, оған дейін Астанада 12 жыл бойы пәтер жалдап жүрген. Астанада олар үш бала тапқан, содан соң бірден үшем, кейін тағы да бір ұлды болады.
Үлкен балалары мектепке бармайды - олардың мектеп формасына ақша тапшы, тұрғылықты мекенжайда тіркеуде де жоқ. Қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Азамат Жамбеталин бұған Мейірмановтардың өзі кінәлі екенін айтады. "Балалар тіпті дәрігер қарауынан да өтпеген, олар өздері созып жүр. Ал киім мәселесінде біз оларға жалпыға білім беру қорынан көмектесеміз. Дұрыс тіркелсін де, келсін", - дейді ол.
Қазіргі уақытта 30 жастағы әйел жүкті, дәрігерлер егіз табатынын айтыпты. "Тағы да жүкті болдым. Оларды жарық дүниеге не үшін әкелемін? Түсік жасатамын, келісіп те қойдым", - дейді Айгүл Тоқсанбаева. Әйел бұл шешімді оңайлықпен қабылдап отырған жоқ, бірақ ата-ана басқа шешім таппай отыр. Ескі үйде қыстап шығу қиын. Мейірмановтар Астанада пәтер алуға кезекте тұр, бірақ олардың алдында он мың адам бар екен.