Көкшетауда энергетикалық сусындар жасөспірімнің асқазанын күйдіріп жіберген: видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда энергетикалық сусындар жасөспірімнің асқазанын күйдіріп жіберген: видео Фото: depositphotos.com/photovs

Көкшетауда энергетик 16 жастағы жасөспірімнің асқазанын күйдіріп жіберген. Ол ішінің қатты аурып тұрғанына шағымданып ауруханаға түседі. Оған жедел түрде ота жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда энергетик 16 жастағы жасөспірімнің асқазанын күйдіріп жіберген. Ол ішінің қатты аурып тұрғанына шағымданып ауруханаға түседі. Оған жедел түрде ота жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көкшетауда Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері мектеп оқушысына шұғыл және күрделі ота жасады. Себебі – энергетикалық сусындарды жиі ішу ішкі ағзалардың ауыр зақымдануына алып келген.

Дәрігерлер лапароскопиялық операция жасап, жараны тіккен, құрсақ қуысын іріңнен тазалап, дренаж орнатқан.

Енді жасөспірім ұзақ уақыт сауықтыру кезеңінен өтуі керек.

"Балада асқазанның тесілген жарасы және жайылған іріңді перитонит анықталды. Мұндай ауыр диагноздың себебі – энергетиктерге әуестік.

Жасөспірімді күрделі оңалту кезеңі күтеді, енді денсаулығы бұрынғыдай болмайды. Асқазанда тыртық пен жара іздері қалады", – деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Ернар Қожабеков.

Дәрігерлердің айтуынша, энергетиктерді шамадан тыс тұтыну жара, гастрит, жүрек аурулары және басқа да ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети