Көкшетауда Eolus қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Көкшетауда Eolus қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда Eolus қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"И" және "X" азаматтары жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, Eolus қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, "energyeolus.info" платформасына аударылды. Залал сомасы шамашен 10 миллион теңге болады.

"Сотта мемлекеттік айыптаушы бірбеткейлікті ұстана отырып, жасаған қылмыс бойынша сотталушылардын кінәсін, және де мүліктің жасалған қылмыс нәтижесінде пайда болуын дәлелдеген.

Сот үкімімен "И" және "X" азаматтары кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты мүлкі тәркіленіп, қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети