Көкшетауда ер адам әйеліне пышақпен шабуыл жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда ер адам әйеліне пышақпен шабуыл жасаған Әлеуметтік желіден

Көкшетауда ер адам әйелінің жұмыс орнына барып, пышақпен шабуыл жасаған. Әйел ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда ер адам әйелінің жұмыс орнына барып, пышақпен шабуыл жасаған. Әйел ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелге жасалған шабуыл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға әйел жұмыс істеген шағын несие ұйымының жанында болған.

"Әйелге дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала анықталғандай, тұрмыстық жанжал кезінде жәбірленушінің күйеуі оған пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Күдікті жедел ұсталып, тергеу үшін полицияға жеткізілді", – деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети