Көкшетауда Калашников автоматтары өндірісі 2022 жылы басталады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда Калашников автоматтары өндірісі 2022 жылы басталады ©kalashnikovgroup.ru

Көкшетауда 2022 жылы Калашников автоматтары өндірісін бастау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көкшетауда 2022 жылы Калашников автоматтары өндірісін бастау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл Көкшетауда 2015 жылғы үлгідегі Калашников автоматтарын шығаруды бастау жоспарланған", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметі өкілдері.

"Тыныс" АҚ зауытының базасында АК-12 және АК-15 автоматтарын шығару қолға алынатыны айтылды.

Бұған дейін Қазақстанда Калашников автоматтары жасалатыны хабарланған болатын. Мәскеу маңындағы Жуковскийде өткен МАКС-2021 халықаралық әуе ғарыш форумында келісімге қол қойылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети