20 қараша 2018 | 08:25

Көкшетауда қарындастары мен інісін өрттен құтқарған 8 жастағы қыздың отбасы пәтерге ие болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Көкшетауда бір жыл бұрын өмірін қатерге тігіп, үш баланы өрттен құтқарған 8 жастағы Ұлдана Советтің отбасына пәтер берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kokshe телеарнасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда бір жыл бұрын өмірін қатерге тігіп, үш баланы өрттен құтқарған 8 жастағы Ұлдана Советтің отбасына пәтер берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kokshe телеарнасына сілтеме жасап. 

Қыздың отбасы Красный Яр ауылындағы екі бөлмелі пәтерді жергілікті корпорациялық "Зекет" қоры мен Науан хазрет мешітінің "Ел үлесі - пәтерге" акциясының аясында алды. Көрімдік ретінде Зеренді ауданының кәсіпкері Борис Козлов қыздың анасына 500 мың теңге, ал Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы 200 мың теңге берді.

Еске сала кетейік, өрт 2017 жылы 9 қарашада болған. Сегіз жастағы Ұлдана Совет екі қарындасы мен інісін өртеніп жатқан үйден алып шыққан. Үлкен отбасында ешкім зардап шекпеді, бірақ жесір ана алты баламен үйсіз қалды.

Осы уақытқа дейін отбасы үй жалдап тұруға мәжбүр болған. "Мен үшін бұл түс сияқты. Мұның шын екеніне әлі де сене алмаймын. Сыйлық үшін бәріне рахмет айтқым келеді. Науан хазрет мешіті мен "Зекет" қорына айрықша алғысымды білдіремін", - дейді Ұлдананың анасы Айнагүл Еркімбетова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети