Ұлы Жеңіс мерекесіне қарсы Көкшетауда Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Ұлы Жеңіс мерекесіне қарсы Көкшетауда Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
"Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш қойылады және "Даңқ аллеясына" жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - дейді Көкшетау қаласының әкімі Жарқын Жұмағұлов. Кеңес одағының батырына арналған ескерткіш Әуелбеков және Момышұлы көшелерінің қиылысына орнатылмақ.
Жөндеу жұмыстары барысында аллеяның қоршаулары, жеріне төселген төсеніштері толығымен ауыстырылмақ. Сондай-ақ аллеяға гүлдер, ағаштар отырғызу, жарықтарындыру құрылғыларын заманға сай құрылғылармен алмастыру жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстарына 55 миллион теңге қаржы жұмсалатыны есептелген. Аллеяны жөндеу жұмыстары биыл басталады деп күтілуде.
Аллеяның жаңаруы соғыс ардагерлері мен қала тұрғыдарына Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай үлкен сый болмақ. Сондай-ақ облыс орталығында аштық пен саяси репрессия құрбандарына композициялық монумент қою да жоспарланып отыр. Бұл монумент қаланың шыға берісіндегі Уәлиханов көшесіне орнатылмақ.