Көкшетауда қатты нөсердің кесірінен 145 тұрғын үйді және мемлекеттік мекемелердің ғимараттарын су шайып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып. Алдағы екі күнде де Көкшетауда ауа-райы жауын-шашынды болады деп болжап отыр синоптиктер.

Ведомствоның хабарлауынша, Көкшетауда 28 шілде күні сағат 03.00-де ауа-райы өзгеріп, жауын-шашын басталған. "Казгидрометтің" мәліметінше жауған жауын-шашынның мөлшері 39,0 миллиметр (қалыпты жағдайда 1-14).
"Қатты нөсердің салдарынан 145 тұрғын үйді және де облыстық сот, мектеп, АХАЖ, мұражай ғимараттарын су шайып кетті. Суға кеткен үйлер мен ғимараттар Уәлиханов, Кенесары, Куйбышев, Горький, Мирзоян, Байтұрсынов, Наурызбай, Біржан сал, Сәтпаев, Жамбыл көшелерінің бойында орналасқан" делінген хабарламада.
Бүгінде қаладағы суды тартуға 12 көлік, қаланың коммуналдық қызметінің 11 көлігі, басқа да қажетті құрылғылар жұмылдырылуда. Көкшетау әкімдігінде су басқан үйлерді тексеруге 4 мобильді топ құрылды. Синоптиктердің болжауынша айдың соңына дейін Көкшетауда ауа-райы жауын-шашынды болады, арасында ауа температурасы 26 градусқа дейін жылиды.