24 қараша 2016 11:18

Көкшетауда полицейлер сырқат анасына қарайлап жүрген балақайға көмек берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет баспасөз қызметінен Сурет баспасөз қызметінен

Ақмола облысында өзінің сырқат анасына қарап жүрген балаға көмек жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-ге сілтеме жасап. 


Ақмола облысында өзінің сырқат анасына қарап жүрген балаға көмек жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-ге сілтеме жасап. 

Бей-жай қала алмаған полицейлер 13 жастағы Мақсат Тілеуқабылға жәрдемдесті. "Жетінші сынып оқушысы Мақсат Тілеуқабыл кембағал анасымен бұзылған пеші бар "времянка" аталып кеткен жазғы баспанада тұрады. Балақай сырқат анасына қарайласып жүр, бала әйел адамның жалғыз көмекшісі, үйде азық-түлік болып жатса, тамақты да өзі әзірлейді екен. Бірақ, әдетте мұндайға ақша жоқ болады. 2016 жылдың мамыр айында әйел адам омыртқа жарығына ота жасатқан, қазір ол үшінші топтағы мүгедек және қазір тек балдақпен ғана қозғала алады. Үйдегі барлық ауыртпалық 13 жастағы баланың мойнына артылды", - делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. 

Мақсаттың отбасы ювеналды полицияда алдын алу жұмыстарын қажет ететіндер ретінде тіркелмегенімен, әлеуметтік тұрғыда жағдайы төмен сипатта. Отбасында болып қайтқан полицейлер дабыл көтерді және оларды отбасының қамы мазалады. Жақында Көкшетау ІІБ ЖПҚ ювеналды полиция қызметкерлері жергілікті БАҚ өкілдерімен бірге балақайды құтқару бойынша "операция" ұйымдастырды.

Қораға көбірек ұқсайтын үйге жақындай келе полицейлер моржаға қарайлай берді. Олар отбасы түнде түтін иісінен уланып қалмады ма деген қорқыныш мазалады. Құқық қорғаушылар екі қап ұн, біраз азық-түлік, отын ала келді және көмір алып берген демеушілерді тапқан, - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. Полицейлер оларды апатты жағдайдағы үйлерінен алып кетті, олар уақытша №14 орта мектепке орналастырылды, ол жерде отбасына арнайы бөлме даярланып қойған болатын. Отбасын туыстарының бірі, олардың тұрағы жөнделіп біткенше, өз үйіне алып кетіп өз қол ұшын берді. Сонымен бірге полицейлер үйді жөндетіп беретін демеушілерді де тапты. Жақын арада Мақсат пен анасы терезелері мен пеші жаңартылған үйде тұратын болады.

Ювеналды полиция мәліметінше, облыста мұндай тағы он шақты отбасы бар. Олардың барлығына көмек қажет. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети