28 қазан 2022 10:18

Көкшетауда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама түсті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көкшетауда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 қазанда Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына №3 "Дарын" мектеп-интернатында жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Көрсетілген мекенжай бойынша полиция қызметкерлері мен басқа да шұғыл қызметтер дереу келіп жетті. Мектеп аумағы қоршауға алынды. Оқушылар, оқытушылар құрамы және мектеп әкімшілігі эвакуацияланды.

Жарылыс техниктері мен кинологтар мектепті толық зерттеді, жарылғыш құрылғылар табылған жоқ", - делінген хабарламада.

Кейіннен полицияға басқа орта оқу орындарында жарылғыш құрылғылар бар екендігі туралы хабарлама тағы түскен. Онда тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізді.

Полиция азаматтардан дүрбелеңге түспеуді, жалған ақпарат таратпауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети