Көкшетауда тұрғынды бопсалаған күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда тұрғынды бопсалаған күдіктілер ұсталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Көкшетау тұрғынын бопсалағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көкшетау тұрғынын бопсалағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 желтоқсанда Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын бопсалау туралы өтінішпен жүгінді. Оның айтуынша, 13 желтоқсанда сағат 21:00 шамасында оған шабуыл жасаған.

Белгісіз адамдар оған дене жарақатын салып, бопсалап, Samsung телефонын тартып алған. Келтірілген залал сомасы - 160 мың теңге.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен жедел қызмет қызметкерлері күдіктілерді тез арада анықтады.

"Олар - облыс орталығының 19-22 жас аралығындағы үш тұрғыны. Полиция басқармасы осы дерек бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - деп жазылған хабарламада.

ІІМ осындай қылмыстарға байланысты азаматтарға маңызды ескерту жасады:

  • қоғамдық орындарда қырағы болу;
  • қараңғы жерлерден аулақ болу, әсіресе кешке;
  • материалдық жағдайыңызды жарнамаламаңыз: ақшаны, қымбат гаджеттерді немесе зергерлік
  • бұйымдарды көрсетпеуге тырысыңыз;
  • бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасағанда абай болыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети