07 маусым 2016 15:13

Көкшетауда ҰБТ тапсыру кезінде екі түлек ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Көкшетауда ҰБТ тапсыру сәтінде екі түлек ауруханаға түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының ақпараттық-сараптамалық бөлімінің жетекшісі Айнұр Қоңыратова хабарлады.


Көкшетауда ҰБТ тапсыру сәтінде екі түлек ауруханаға түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының ақпараттық-сараптамалық бөлімінің жетекшісі Айнұр Қоңыратова хабарлады.

Қоңыратованың айтуынша, бұл оқиға кеше ҰБТ тапсыру кезінде болған. "Иә, шын мәнінде, мұндай жағдай Көкшетауда болды. Екі түлек өзін нашар сезінген. Жедел жәрдем шақыртылып, олар түлектерді алып кетті. Олар емтиханды соңына дейін тапсыра алмады, комиссиядағылардың айтуынша, олар өзін нашар сезінген", - деді Қоңыратова.

Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының ақпараттық-сараптамалық бөлімінің жетекшісінің айтуынша, түлектер енді шілдеде тест тапсыра алады. "Олар жазбаша түрде министрлікке өтініш жодлап, себебін түсіндіріп, қажетті медициналық құжаттарын қыстырып, шілдеде кешенді тестілеу кезінде тапсыруға өтініш сұрай алады", - деді ол.

Көкшетау қалалық білім бөлімінің жетекшісінің орынбасары Жания Дондағұлованың айтуынша, екі түлек те дәрігерлердің есебінде болған. "Екеуі ауруханаға түсті, №1 мамандандырылған мектеп интернатының түлегі "басына ішінара қан кету" диагнозымен түсті. Екінші түлек № 2 мектебінің оқушысы "жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, қалшылдау синдромы" диагнозымен түсті. Біреуі бассүйек ішіндегі қысыммен есепте болған, оның сіңірі тартылған. Екінші түлек сол күні магнитно-резонанс томографиясын жасатты", - деді Дондағұлова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети