Көкшетаудағы автотұрақта болған қайғылы оқиға: жүргізушінің күйеуі 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетаудағы автотұрақта болған қайғылы оқиға: жүргізушінің күйеуі 5 жылға дейін сотталуы мүмкін Бейнеден алынған кадр

Көкшетауда жаяу жүргіншіні көлікпен басып өлтірген жүргізуші әйелдің күйеуі бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Көкшетауда жаяу жүргіншіні көлікпен басып өлтірген жүргізуші әйелдің күйеуі бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әділовтің айтуынша, жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Анықтама: Қылмыстық кодекстің 345-бабы - "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы".

"Жүргізушіге қатысты 345-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кеше сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады, тергеу жалғасып жатыр", - деді Санжар Әділов.

Сондай-ақ ол көлікті басқаруды рұқсатсыз берген күдіктінің күйеуіне қатысты қосымша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.

"Оның үстіне, көлікті заңсыз басқаруға берген тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 349-бабы бойынша қосымша қылмыстық іс қозғалды. Бұл - күдіктінің жұбайы, қазір қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатырмыз. Бапта 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл - соттың құзыреті", - деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Еске салсақ, 9 мамырда Көкшетаудағы автотұрақта қайғылы оқиға болды. Бейнебақылау камерасындағы жазбадан тұраққа кіреберісте көліктің жолда кетіп бара жатқан әйелді қағып, үстінен басып өткені көрінеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 467.63   545.92   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер