Көкшетау тұрғыны өзінің үйіндегі көлікжайда тұрған көліктен күйеуі мен бөтен қыздың денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау тұрғыны өзінің үйіндегі көлікжайда тұрған көліктен күйеуі мен бөтен қыздың денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Көкшетау қалалық Ішкі істер басқармасына 3 сәуірде сағат 21.13-те қоңырау келіп түсті. Әйел адам өзінің үйіндегі көлікжайдан 1984 жылғы күйеуі мен белгісіз қыздың денесін тапқан. Жедел топ оқиға орнына келген соң қыздың 1992 жылғы екенін анықтады. Денелерінде зорлық белгілері болмаған, сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.
Өлімінің алдын ала себебі - олар газдан уланған болуы мүмкін.