Көктайғақ, жел және аяз: 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көктайғақ, жел және аяз: 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында секундына 15-20 метр күтіледі. Ақтау қаласында 11 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.

11 желтоқсанда Атырау облысында шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік- батысында екпіні секундына 15-20 метр. Атырау қаласында 11 желтоқсанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

11 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде қатты аяз 40-41 градус. Петропавл қаласында 11 желтоқсанда түнде қатты аяз 40-41 градус күтіледі.

11 желтоқсанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

11 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

11 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 16 м/с күтіледі.

11 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы қаласында 11 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. Қонаев қаласында 11 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

11 желтоқсанда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші секундына 15-20 метр күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети