12 ақпан 2019 | 14:52

Көктемде көреміз - Сағынтаев әкімдерді ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметте әкімдіктер су тасқыны кезеңіне дайындығы жоқ өңірлерді атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Үкіметте әкімдіктер су тасқыны кезеңіне дайындығы жоқ өңірлерді атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Биыл 505 елді мекенді су басу қаупі бар, негізінен Алматы облысы - 75, Шығыс Қазақстан -76, Ақмола - 46, Ақтөбе - 35, Қарағанды - 33, Қызылода - 31, Қостанай - 52, Павлодар - 14 және Солтүстік Қазақстан - 18.

2018 жылы жоспарланған 198 шараның 33-і орындалмаған, оның ішінде 21-і қаржыландырудың жоқтығынан: Жамбыл облысында - 10, Қызылорда облысында - 6, Карағанды және Павлодар облысында - 2-ден және Ақтөбе облысында - 1", - деді ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Нәтижесінде, оның айтуынша, жеті қорғаныс бөгетінің құрылысы мен жөндеу жұмыстары, бес гидротехникалық құрылысты қайта құру мен жөндеу жұмыстары, үш өзен арнасындағы жұмыстар, бес су өткізу құрылыстары мен бір айналма арнаның құрылысы орындалмаған.

"Мемлекеттік сатып алудың іске аспауына байланысты Түркістан облысында тоғыз шара орындалмаған, өзендердің төрт арнасын тазалау, үш гидротехникалық құрылыстар мен бір қорғаныс бөгетін жөндеу жұмыстары орындалмаған. Алматы облысы бойынша үш шара 2019-2020 жылдарға ауыстырылды.

Республика бойынша су тасқыны қаупі бар өзендердің 230 шақырымы жағалауды нығайту және тереңдету жүзеге асырылмады, 70 километр қорғаныс бөгеттері салынбады, 30 шақырым қорғаныс құрылыстарын жөндеу қамтамасыз етілмеген", - деді министр баяндамасында.

"Қаржыландыру жоқ өңірлерде әкімдер мәселені көрмейді. Көктемді көрсетеді", - деп ескертті премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

Ол өңірлердің әкімдерінің баяндамаларын сынға алып, Қасымов көрсеткен кемшіліктеріне бірде-бір түсініктеме бермегенін айтты.

"Өткен жылғы іс-шаралар туралы айтпағанда, бүгін қандай мәселелерді шешуіміз керек деген нақты нәрселер туралы баяндау керек. Су тасқыны келіп, су басу басталады, қыс келеді - өрт басталады. Сіз тек мәселе бақылауда екенін айтасыз. Қандай бақылау? Оның нәтижелерін біз көріп отырмыз", - деді Сағынтаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети