Көктемнің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көктемнің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 1, 2 және 3 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет 1, 2 және 3 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің алғашқы күндерінде Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы болады. Фронтальды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты солтүстік жартысында қар түрінде жауын-шашын, боран болып, жел күшейіп, оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.

"Ауа температурасы төмендейді: батыста түнде 2...10 градус аязға дейін, күндіз 2...15 градусқа дейін жылы; республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде термометр бағандары 15...20 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0...10 градус аяз; елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 0...8 градус аяз, күндіз 5...15 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети