"Коктейль берген": Алматыда қыз зорлау оқиғасы бойынша үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Коктейль берген": Алматыда қыз зорлау оқиғасы бойынша үкім шықты Фото:depositphotos.com

Алматыда 22 жастағы қыздың зорлануына қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. Бұған дейін Элина есімді жәбірленуші зорлықтың құрбаны болғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, барда коктейль берген танысы кейін үйіне апарып зорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 22 жастағы қыздың зорлануына қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. Бұған дейін Элина есімді жәбірленуші зорлықтың құрбаны болғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, барда коктейль берген танысы кейін үйіне апарып зорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл іс Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында қаралды. Қыз зорлады деп айыпталған 34 жастағы К.-ға қатысты қылмыстық іс жабық режимдегі сотта қаралды.

Сот мәліметінше, былтыр 9 наурызға қараған түні К. қаланың түнгі клубтарының бірінде демалып жүріп, сол уақытта өзінің құрбыларымен жүрген танысы О-мен кездескен. Кейін К. оны үйіне шығарып саламын деген сылтаумен өз пәтеріне әкелген.

"Одан соң жәбірленушінің дәрменсіз күйін, яғни ішімдікке мас болғанын пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсетіп, жәбірленушінің еркінен тыс жыныстық қатынас жасаған. Осылайша сотталушы зорлау ісін жүзеге асырған", - деп жазылған мәліметте.

Сотталушы кінәсін мойындамады және соттан өзін ақтауды, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған сараптамалардың қорытындылары, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары арқылы дәлелденді.

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды және оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети