“Көктөбе“ телемұнарасы жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін бе?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Көктөбе“ телемұнарасы жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін бе?

Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасының сейсмотұрақтылығы тексерілді. Техникалық сараптама нәтижелері туралы премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасының сейсмотұрақтылығы тексерілді. Техникалық сараптама нәтижелері туралы премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін сенатор Ғалиасқар Сарыбаев Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасына күрделі жөндеу жүргізуді талап еткен болатын. Ол өз депутаттық сауалында нысанда инженерлік, сейсмикалық және экологиялық мәселелер бар екенін және оның жаңғыртуды қажет ететінін айтты.

Депутаттық сауалға жауап ретінде Бектенов телемұнара "Қазтелерадио" АҚ балансында екенін айтты. Кәсіпорын тұрақты негізде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіп, телемұнараның көтеруші конструкцияларына кешенді тексерулер жасап отырады.

"Тәуелсіз техникалық зерттеу нәтижелері бойынша, соның ішінде 2024 жылы жүргізілген зерттеуді қоса алғанда, телемұнара қолданыстағы сейсмотұрақтылық нормаларына сай екені расталды. Конструкцияның қауіпсіздігіне, оның тұрақтылығына және нысанды әрі қарай пайдалануға байланысты тәуекелдер анықталған жоқ. Көтеруші конструкциялар техникалық тұрғыдан сенімді және пайдалануға жарамды деп танылды", - деді премьер-министр.

Бектеновтің айтуынша, алдағы уақытта "Қазтелерадио" телерадио хабар тарату объектілерінің техникалық жағдайын жүйелі бақылауды, инфрақұрылымдық тәуекелдерді бағалауды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды жалғастырады.

"Бұдан бөлек, мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Алматы әкімдігіне және өзге де мүдделі мемлекеттік органдарға аталған стратегиялық нысандардың тиісті және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырдым", - деді премьер-министр.

Еске салайық, 4 желтоқсанда алматылықтар 3 баллдық жерасты дүмпулерін сезген болатын. Жер сілкінісінің эпицентрі мегаполистен оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети