28 сәуір 2016 | 15:08

Көктөбеде 3400-ден аса ағаш отырғызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Көктөбе" әкімшілігі ұсынған сурет © "Көктөбе" әкімшілігі ұсынған сурет

Көктөбе саябағында жаңа ағаштар мен бұталарды отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Көктөбе саябағында жаңа ағаштар мен бұталарды отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында саябақтың шығыс бөлігіндегі жоғарғы алаңның бойымен 1800 бұта отырғызылды. Сонымен қатар, 960 раушан бұтасы отырғызылып, ол жоғарғы бөктердегі гүлбақтарды көріктендірді. Саябақтың жоғарғы алаңының солтүстік беткейінде 18 ұсақ үйеңкі отырғызылды. Ал оңтүстік-батыс бөктерінде көптеген жеміс ағашы, алма, шабдалы, алмұрт және айва отырғызылды.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Сергей Терещенко наурызда оңтүстік тау бөктерлерінде отырғызылған 200 Алматы апортының көшетін сыйлаған болатын. Сонымен қатар, сәуірде саябақтың жұмысшылары 1150 қарағаш отырғызған еді. Саябақтың жоғарғы алаңындағы көшеттің жеткіліксіздігі Көктөбедегі көріктендіру жұмыстары аяқталмағанымен түсіндіріледі. Отырғызылған ағаштардың жалпы саны 3472, ал бұтақтардың саны 4294.

Сонымен қатар, Көктөбе басшылығының айтуынша, 2016 жылғы наурыздағы саябақтың ашылуына орай тау бөктерлеріндегі жұмысты күшейту мен ғимарат, құрылыс орындарына негіз дайындау алға қойылды. Бұрынғы аспалы жолды салғанда тау бөктерлеріндегі жағдайды дұрыстау жұмыстары жүргізілмеген болатын.

90-жылдарда кәріз жүйесі мен гидрооқшаудың болмауына байланысты жаңбыр мен кәріздің суы сызаттар арқылы жерге кете берген. Мұның барлығы Көктөбе тауында төтенше жағдайдың болуына әкелді - шығыс тау бөктерлерлеріндегі жер қыртысы жылжып, құрылыс құлай бастаған. Саябақ жанындағы тұрғын үйлерге көшкін түсу қаупі болды. Сол себептен тауды жабу туралы шешім қабылданды.

Көктөбедегі бөктерлерді ретке келтіру және қайта құру жұмыстары басталды. Таудың шығыс және солтүстік беткейлерінде қазу жұмыстары жүргізіліп, жер қыртысының түсуін тоқтату үшін тереңдігі 9 метрден 24 метрге дейінгі 395 ұңғымаға бетон құйылды.

2005 жылы аспалы жолды қайта құру жұмыстарын жүргізіп және инженерлік құрылғыларды ауыстырып, тауларды көгалдандыруға атсалысқан "Көктөбе саябағы" ЖШС аспалы бақтың қожайыны болды. Дегенмен, 2014 жылдың көктемінде аспалы бақтың жағдайы нашар еді, саябақтағы ғимарат пен солтүстік-батыс таудың бөктерлерінде көшкін жүру қаупі болды.

Бұрынғы аспалы жолды салғанда тау бөктерлерін бекіту жұмыстары жүргізілмегендіктен, 2014 жылы аспалы жол жабылды.

Жаңа аспалы жолды салуға дайындық жұмыстары барысында жер қыртысы мен солтүстік-батыс беткейдегі тауларға геологиялық зерттеу жүргізілді. Тереңдігі 9 метрге жетпейтін және 5-6 метрден аспайтын өсіп тұрған ағаштардың көшкінге төтеп бере алмайтындығы анықталды.

Тау бөктерлерін сақтап қалу үшін "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының" кеңесімен 2014-2015 жылдары тереңдігі 22,5 метр 365 бағана орнатылды. Жердің қыртысына су кетпес үшін таудың жоғарғы жақтарында балшықтан жасалған бекіністер арқылы гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілді. Берілген жұмыстарды аяқтау үшін тау бөктерлерінің солтүстік және солтүстік-батыс бөліктері қазылып, басқа жерлерге отырғызылды. Аспалы жол мен аттракциондардың құрылысы аяқталғаннан кейін ауланы көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстары басталған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети