10 маусым 2024 | 09:53

Қоқыс қалдықтарынан қолөнер жасаған жамбылдықтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз қаласы білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының 600-ден астам тәрбиеленушісі қоқыс қалдықтарынан қолөнер бұйымдарын жасауды қолға алған. Олар осылайша республикалық "Таза Қазақстан" акциясына өз үлестерін қосып жатыр.


Иконка комментария блок соц сети

Тараз қаласы білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының 600-ден астам тәрбиеленушісі қоқыс қалдықтарынан қолөнер бұйымдарын жасауды қолға алған. Олар осылайша республикалық "Таза Қазақстан" акциясына өз үлестерін қосып жатыр.

Тараз қаласы білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының 600-ден астам тәрбиеленушісі қоқыс қалдықтарынан қолөнер бұйымдарын жасауды қолға алған.

Орталық тәрбиеленушілері У.Распутина, Д.Аманкосова, Б.Қуатбек, З.Джукенова сынды тәжірибелі жетекшілерімен бірге жиналған қоқыс қалдықтарынан түрлі картиналар, қуыршақтар мен түрлі ыдыстар жасап шығаруда. Атап айтқанда, пластикалық бөтелкелер, пайдаланылған картон қағаздары, жүн, мата, киіз, тері заттарынан 200-ден астам шығармашылық жұмыстарын ұсынған.

Айта кетейік, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталғаннан бері 1770 сенбілік өткізіліп, 220 мың адам тартылды. Нәтижесінде 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен скверлер, 816,6 шақырым каналдар мен арықтар, 3,1 мың шақырым көше мен 109,1 мың аулалар қоқыстардан тазартылып, 11,4 мың қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылып, 49 субұрқақ іске қосылған. 2024 жылға абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жалпы 10,3 млрд. теңге қарастырылған.

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети