Көлігін жудырмақ болған шымкенттік әйел күтпеген жағдайға тап болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлігін жудырмақ болған шымкенттік әйел күтпеген жағдайға тап болды pixabay.com

Жетісай ауданында темір тұлпарын автокөлік жуу бекетіне қалдырып кеткен шымкенттік әйел көлігінен айырылды. Себебі жүргізушінің "Toyota camrу" маркалы көлігін белгісіз біреу айдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізуші әйел дереу полицияға арызданған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеуге алынды.

Оқиға орнына жылдам жеткен жедел-тергеу тобы іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлікті айдап кеткен адамды анықтады. Ол жергілікті тұрғын, автокөлік жуушы жігіт болып шықты.

Полиция хабарлауынша, көлік жуушы жігіт өзіне сеніп тапсырылған автокөлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Содан рөлге ие бола алмай өзге көлікке соқтығысып, жол жиегіне түсіп аударылған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі - 6 миллион теңге.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети