Көлігін заңдастырмаған жүргізушілер жағдайы не болады? ІІМ жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлігін заңдастырмаған жүргізушілер жағдайы не болады? ІІМ жауабы Фото:elements.envato.com

Ішкі істер министрлігі өкілі көліктерін заңдастырмаған жүргізушілер не істеуі керек деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі өкілі көліктерін заңдастырмаған жүргізушілер не істеуі керек деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер көліктерін заңдастырмаған жүргізушілер жағдайы не болатынын сұрады.

"Заңдастырудан өтпеген көлікті елден алып кетулері керек немесе бөлшектеп сатулары керек, басқа жол көріп тұрған жоқпын", - деп түсіндірді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Өз кезегінде Тіркеу жұмыстары және цифрландыру басқармасының басшысы Әлібек Кеңесбаев "заңдастыру аяқталғаннан кейін заңбұзушыларға әкімшілік шара қолданылатынын" айтты.

Спикерлердің айтуынша, қаулы жобасы бойынша автокөлікті заңдастыру мерзімі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети