Көлігіне арнайы дыбыстық сигнал беретін құрылғы орнатып алған жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлігіне арнайы дыбыстық сигнал беретін құрылғы орнатып алған жүргізуші ұсталды Видеодан алынған кадр

Жамбыл облысының Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаңатас қаласында арнайы дыбыстық сигнал беретін құрылғы орнатылған автокөлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаңатас қаласында арнайы дыбыстық сигнал беретін құрылғы орнатылған автокөлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дыбыстық сигналын қосып, көлік басқарғанын бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген жүргізушіні тәртіп сақшылары анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 603-бабы 2-бөлігімен ("Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу)" хаттама толтырылып, заңмен рұқсат етілмеген құрылғы автокөліктен алынды.

23 жастағы ер адамға әкімшілік жаза тағайындалып ғана қоймай, полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол өзінің қатесін мойындап, әрекеті үшін тұрғындардан кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети