Көлгінов Астанада жиналған жаңаөзендік жұмысшылар туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлгінов Астанада жиналған жаңаөзендік жұмысшылар туралы пікір білдірді Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет отырысы кулуарында елордаға Жаңаөзеннен келген мұнайшылар төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет отырысы кулуарында елордаға Жаңаөзеннен келген мұнайшылар төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" еншілес компанияларының жағдайы туралы. Тендерлік процедуралар жүргізілгенін білесіздер, ал ұтылған компания, оның жұмысшылары қазір қайта қарау (тендер қорытындысын – еск.) мәселесін көтеріп жатыр. Бірақ бәрі заң аясында шешілуі керек. Қазір Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" өкілдері келіссөздер, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Көлгінов.

Вице-премьердің айтуынша, бұл келіссөздер процесі және барлығы заң аясында шешілуі тиіс.

"Олар жеңілген компанияның тендерде жеңгенін қалайды. Бірақ бұл мүмкін емес. Біз мұны заң аясында жасауымыз керек. Тендерлік талаптар бар, не сотта, не заңды түрде бәрін қарастыру керек. Сондықтан жай ғана талап қою, кем дегенде, дұрыс емес. Біздің міндетіміз оларға бос жұмыс орындарын ұсыну. Мемлекеттік органдар осылай істеп жатыр", - деп қосты Көлгінов.

10 сәуірде жаңаөзендік жұмысшылардың Астанаға жиналғаны хабарланды. Энергетика министрлігінің ғимараты алдына адамдар жиналды, олардың саны 60-70-ке жуық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети