Көлгінов елорда емханаларының бас дәрігерлеріне тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлгінов елорда емханаларының бас дәрігерлеріне тапсырма берді Сурет: Instagram

Нұр-Сұлтан әкімі Алай Көлгінов емханалардың бас дәрігерлерімен, фармацевтикалық компанияларының басшыларымен онлайн-кездесу өткізіп, бірқатар міндеттер қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әкімі Алай Көлгінов емханалардың бас дәрігерлерімен, фармацевтикалық компанияларының басшыларымен онлайн-кездесу өткізіп, бірқатар міндеттер қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әкім өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"Бірінші. Пациенттермен кері байланысты күшейту. Әрбір симптомсыз науқасты бақылауда ұстау. Егер симптомдар анықталса науқастар ауруханаға жатқызылады.

Симптомсыз тасымалдаушылар өзін-өзі оқшаулауы керек. Сыртқа шығуға болмайды.

Екінші. Барлық зертханалардың, емханалардың және стационарлардың базаларын бірыңғай базаға біріктіру үшін жұмыс істейміз. Мысалы, науқастың ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, дерек ол тіркелген емханаға тікелей түседі. Әрі қарай дәрігер алгоритмге сәйкес науқаспен жұмыс істейді.

Үшінші. Жедел жәрдем станциялары телеграм-боттың (@ns103bot) сапалы жұмысын қамтамасыз етуі керек. Ол арқылы қала тұрғындары жедел жәрдем шақыра алады, сондай-ақ колл-орталықтың жұмысын қамтамасыз етуі маңызды", - деп жазды Көлгінов.

Айтуынша, ахуал орталығы жұмысын күшейтеді. Науқастар топталып қалмау үшін қызметкерлер КВИ бар науқастарды стационарларға таратады.

"Төртінші. Фармкомпанияларға қысқа мерзімде қаланың дәріханаларына медициналық дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін шешу тапсырылды.

Өз тарапымыздан қажетті көмек көрсетеміз: логистикалық мәселелерді шешіп, дәрі-дәрмектерді сатып алуға жеңілдетілген несиелер беру және басқа", - деп қорытындылады Алай Көлгінов.

Еске салайық, бүгін коронавирус Нұр-Сұлтанда 8 адамның өліміне себеп болды

1959, 1947, 1943, 1954 және 1955 жылдары туған ер азаматтар және 1976, 1942 және 1948 жылдары дүниеге келген әйел адамдар қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети