13 қазан 2014 | 15:53

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы Астанада тағы да дүрлігу туғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ренат Ташқынбаев ©Ренат Ташқынбаев

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы Астанада тағы да ажиотаж туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы Астанада тағы да ажиотаж туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құжаттарды қабылдауға 13-25 қазан аралығында екі апта берілсе де көптеген азамат дәл бірінші күні арыз жазуға тырысты. Жақында әкімшілік тұрғын үй үйлестіруде барлық категориядағы азаматтардың ала алмайтынын, тек коммуналдық тұрғын үй қорында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде барлар ғана алатынын хабарлаған болатын. Бірақ "Жастар" сарайына таңертең келген азаматтардың арасында бұл категорияға жатпайтын азаматтар да болды.

Азаматтар мұндай шараларда әдет бойынша болатын кезекте тұруға жазылу басталды. Бір уақыттарда кезек көшеде де тұрды, бірақ әкімшілік қызметкерлері барлығын ғимарат ішіне кіргізу туралы шешім шығарды.

Алайда мұндай ығы-жығы кезек "Жастар" сарайының ішінде де болды. Адамдар ең болмағанда бірдеңе біліп қалу үшін айғайлай бастады. Ғимарат ішінде мазасыз хал-ахуал орнады.

Бірер уақыт өткен соң азаматтарға бәрін түсіндіріп берді, сосын барлығы тынышталды.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарында, телеарналарда құжат қабылдау 13-25 қазан аралығында болатыны жайлы дерек жазылды. Құжат тапсыру құқығы тек кезекке тұрғандарға берілгені айтылды. Ақпарат адамнан адамға тарағандықтан, негізгі ақпарат дереккөзден алынбайды. Осының нәтижесінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде барлар да, жоқтар да келді", - деп түсіндірді Алматы тұрғын үй басқармасының жетекшісі Асхат Елеужанов.

Ол сонымен қатар, жақында БАҚ-тар арқылы дәл бірінші күні арыз жазудың қажеті жоқ екенін және таңдаудың "басты талабы жергілікті атқарушы орган жасаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімі болатыны жайлы дерек тарағанын" айтты.

Тұрғын үй басқарма жетекшісінің орынбасары әкімшілікте тұрғын үйге кезекке тұрғандардың саны 32 мың екенін нақтылады. "Бұл өз құқықтары, әркім құжат тапсыруға құқылы, тек сосын ғана комиссия екі бағытта таңдап алады: сатып алу құқымен жалға алу және өз қаражатымен сатып алу бағыты немесе "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы, я болмаса екінші деңгейлі банкті қатыстыру арқылы алу бағыты", - деді ол.

Елеужановтан әкімшілік кезегінде 30 мыңыншы кезекте тұрған адамның бағдарламаға қатыса алу мүмкіндігі туралы сұралды. "Мүмкіндік бар", - деді ол.

Әкімшілік азаматтарға ыңғайлы болу үшін мекенжай анықтамалығы және әкімшілік кезегінде тұратындығы жайлы анықтамалық сияқты қажетті құжаттарды сол жерде ала алатын мүмкіндік жасады.

"Адамгершілік жасап, далада тұрмасын деп, іште өз кезегін күтуі үшін құжат тапсырғысы келген азаматтарды ішкі залға кіргіздік. Бұл мәдениетке байланысты, адамдар екі апта бойы құжат тапсыруға мүмкіндік болатынын түсінбей, шу шығарып жатыр. Яғни халыққа бірінші кезекте құжат тапсыру таңдап алу нәтижесіне еш әсер етпейтіні айтылды. Жалғыз ғана талап тұрғын үйге мұқтаж жандардың тізімі мен төлем қабілеттілігінің растауы ғана", - деді Елеужанов.

Бұған дейін хабарланғандай, 2014 жылы Астанада "Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы қала әкімшілігі арқылы 678 үйді пайдалануға беруді жоспарлады, оның ішінде: екі бөлмелі - 347 (жалға - 43, сатуға - 304), 3 бөлмелі - 331 (жалға - 126, сатуға - 205). 

Бұл бағыттағы бағдарламаға Астанадағы коммуналды тұрғын үй қорында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде тұрғандар мен мемлекеттік қызметтегілер, бюджетті ұйымдардағы азаматтар, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері, мемлекеттік сайлау қызметіндегі азаматтар қатыса алады. Сонымен бірге, әлеуметтің әлжуаз топтары (Мүгедектер және Ұлы Отан соғысы ардагеріне теңестірілген азаматтар, 1-ші және екінші топ мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ҚР билігі тұжырымдаған аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы күрделі аурулармен ауыратындар; жасы жетіп зейнеткерлікке шыққандар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; экологиялық апаттан, табиғат және техногенді төтенше жағдайлар салдарынан үйінен айырылғандар; көпбалалы отбасылар; мемлекеттік немесе қоғамдық борышын өтеу кезінде, әскери қызметін өтеу кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу және ұшу кезінде, адамзат өмірін сақтап қалу кезінде, құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) отбасы; толық емес отбасы) қатыса алады.

Бұл бағыттағы бағдарламаға Астанадағы коммуналды тұрғын үй қорына тұрғын үйге мұқтаж жандардың тізімінде бар ҰОС қатысушылары және апатты деп табылған үй егелері қатыса алмайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети