30 мамыр 2014 | 20:45

Көлік және коммуникация министрлігі ҚТЖ филиалдарына тексеру жүргізуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан темір жол" ҰК" АҚ ғимараты. Фото ©С. Волошин "Қазақстан темір жол" ҰК" АҚ ғимараты. Фото ©С. Волошин

Көлік және коммуникация министрлігі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның филиалдарына тексеру жүргізуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Көлік және коммуникация министрлігі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның филиалдарына тексеру жүргізуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көліктік бақылау комитеті "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның 48 филиалына тексеру жүргізуде. Көліктік бақылау инспекциясының мамандары жүргізген тексерістер барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның бірқатар филиалдарында теміржолдың үстіңгі құрылымының техникалық жағдайының сақталмауы мен қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу фактілері анықталған.

"Бүгін теміржолдың магистральдық желісінің бірқатар учаскелері жабылды және қозғалыс шектелді. Айталық, рельс торабының тарылып кетуіне байланысты "РЗД-17 – РЗД-33" және  "Қарағанөзек – Қарабас" учаскелеріндегі қозғалыс жабылды. Кейінгісіндегі қозғалыс бұдан бұрынғы ескертпелерді сапасыз орындағаны үшін қайта жабылғандығын атап өтуге тура келеді. Мұның сыртында "Лисаков-Алтынсарин", "Жарық-Жаңаарқа", "Қарабас – ОП 767", "РЗД-17 – РЗД-33", "ОП42 – Қарағанды" учаскелеріндегі қозғалыстың жылдамдығы шектелді. Қазіргі кезде тексеріс жалғасуда", - деп хабарланған министрліктің сайтында.  

Апаттардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы І тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстанда 68 локомотивтің, 506 жүк вагоны, 104  жолаушы вагоны және 113  арнайы жол техникасының пайдаланылуы тоқтатылды, сонымен бірге 151 кіреберіс жолдарына вагондарды беру және әкету уақытша тоқтатылғандығын еске саламыз. Теміржолдың қозғалмалы құрамы мен жолдарын пайдалануды тоқтатудың негізгі себептері жоспарлы жөндеу жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуі, вагондар тораптары мен бөлшектерінің ақаулы болуы, жол табанының кеңейіп және тарылып кетуі болып табылады.

Теміржол көлігіндегі ірі ереже бұзушылықтар жиілеп кетуіне байланысты Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Алматы қаласында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ филиалдары өкілдерінің қатысуымен көшпелі жиналыстар өткізгендігін атап өткен жөн. Кездесу барысында теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети