"Көлік жүргізу мәдениеті төмен". Смайылов жолдардағы жағдайды түзетуді тапсырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Көлік жүргізу мәдениеті төмен". Смайылов жолдардағы жағдайды түзетуді тапсырды Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстан жолдарында күніне орта есеппен 5-6 адам қаза табады. Премьер-министр Әлихан Смайылов жағдайды түзетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан жолдарында күніне орта есеппен 5-6 адам қаза табады. Премьер-министр Әлихан Смайылов жағдайды түзетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы Қазақстан жол қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингте 107-орында тұрғанын атап өтті.

"Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, ауыр аурулар мен табиғи апаттардан гөрі жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар көп. Біздің елде жол-көлік оқиғасынан қайтыс болу ықтималдығы дамыған елдермен салыстырғанда 11 есе жоғары. Жалпы, елде барлық көрсеткіш бойынша өсім барын байқап отырмыз", - деді Премьер-министр Үкімет отырысында.

Смайыловтың айтуынша, сегіз айда жолдардағы апат саны 14 пайызға артқан.

"Қаза болғандар саны 18 пайызға өсті. Орта есеппен жолдарда күніне 5-6 адам өледі. Бұл түзетуді қажет ететін өте күрделі жағдай. Әлемдік тәжірибеде қауіпсіздікті бағалау үш құрамдас бөлік бойынша жүргізіледі: жүргізуші - көлік - жол. Өкінішке қарай, бізде жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениеті төмен", - деп қосты Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети