Көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру керек - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру керек - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне жұмыс сапарында Қазақстанда жазатайым оқиғалардың, соның ішінде адам өліміне әкелетін жол апатының саны артқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне жұмыс сапарында Қазақстанда жазатайым оқиғалардың, соның ішінде адам өліміне әкелетін жол апатының саны артқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Кербұлақ және Панфилов аудандары арқылы өтетін республикалық күре жолды жөндеу мәселесі өзекті болып қала беретінін атап өтті.

"Бұл - өте маңызды жол. Сондықтан, Үкімет пен әкімдікке ондағы күрделі жөндеу жұмысын алдағы екі жылдың ішінде аяқтауды тапсырамын. Қажетті қаражатты шұғыл қарастыру керек.

Ең алдымен, жолдың сапасы жақсы болуы керек. Алайда, құрылыс та созылып кетпеуге тиіс. Бұл жергілікті жұрттың тұрмысына және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, облыстағы республикалық маңызы бар күре жолдарда болған жол апаттарынан 9 айда 61 адам қаза болған.

"Бұл - жан түршігерлік көрсеткіш.

Елімізде жол апаттары, оның ішінде адам өліміне әкеп соқтырған оқиғалар көбейіп барады. Бұған еш жол беруге болмайды. Адам өліміне әкеп соқтырған әрбір жол апатын төтенше жағдай ретінде қарастыру қажет. Адам өмірі - біздің басты байлығымыз. Сондықтан, азаматтардың амандығы және қауіпсіздігі бірінші орында тұруға тиіс. Жол құрылысы кезіндегі жемқорлық пен селқостықты түбірімен жою үшін жүйелі шаралар қабылдау керек", - деп толықтырды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети