Көлік нөмірін таңдауға өтініш: eGov қазақстандықтарға үндеу жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік нөмірін таңдауға өтініш: eGov қазақстандықтарға үндеу жасады Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Электрондық үкіметтің баспасөз қызметі онлайн режимде нөмірлік белгілерді сатып алғанан кейін оның басқа өтініш берушілерге қолжетімді болуын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Электрондық үкіметтің баспасөз қызметі онлайн режимде нөмірлік белгілерді сатып алғанан кейін оның басқа өтініш берушілерге қолжетімді болуын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру қызметі 2026 жылғы 8 қаңтарда eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы пилоттық режимде іске қосылды. Алғашқы екі күнде 113 мыңнан астам өтініш берілген болса, 15 қаңтарға қарай олардың жалпы саны 226 мыңнан асқан.

Қызметтің танымалдығы онлайн рәсімдеудің ыңғайлы екендігін растайды. Бұл ретте жекелеген жағдайларда өтінімді рәсімдеу кезінде пайдаланушыларға төлемнен кейін таңдалған нөмір әлі қолжетімді екені көрсетілуі мүмкін. Көбінесе бұл төлем жасалғаннан кейін өтініштің соңғы қадамында толық аяқталмауымен байланысты.

"Мұндай жағдайда "Бұрын төленген" опциясын таңдап, банк пен төлем күнін көрсетіп, өтінішті қайта тапсыру қажет. Процедура аяқталған соң нөмір пайдаланушыға бекітіліп, басқа өтініш берушілерге қолжетімсіз болады", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Egov.kz (@egov.kz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.11  course up  594.59  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети