Көлік салығын төлемеген алматылықтардың автомобильдеріне стикерлер жабыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Көлік салығын төлемеген алматылықтардың автомобильдеріне стикерлер жабыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматының студенттер альянсы жергілікті мемлекеттік кірістер департаментінен көлік салығын төлемегендердің тізімін сұрады. Олар "Салықсыз өмірді таңда" акциясын өткізу туралы бастама көтеріп отыр.
"Алматының Студенттер альянсы белсенді түрде қатысып жатқан негізгі проблемалардың бірі қаладағы экологиялық жағдай және жолдардың жағдайы, себебі қалада көлік көп, олар көлік кептелісін жасап, ауаны зиян қалдықтармен ластайды, бірақ пайдаланып жүрген көлігіне салық төлемейді", - деді альянс өкілдері.
Акцияда студенттерден құралған бастамашыл топ сәйкес мәтін жазылған жабысатын қағаздарды салық төлемегендердің көлігіне жабыстырып кетеді.
Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері студенттердің бастамасына қолдау білдіріп, көлік салығын көлемін 50 мың теңгеден асырғандардың тізімін Аlmaty.kgd.gov.kz сайтында ұсынатынын мәлімдеді.