Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Көлік тұрағының қызметкерін атқан алматылыққа жаза кесілді

06 Қазан 2015, 17:43
0
Иван Хуторной. © Facebook
Иван Хуторной. © Facebook

Сот Алматыда көлік тұрағының қызметкеріне оқ атып, жаралаған Иван Хуторнойға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алмалы аудандық сотының залынан. 

Сот отырысы кезінде судья айыпталушыға соңғы сөзін айтқызды. "Мен істеген әрекетім үшін өкінетінімді айтқым келеді, мені қатаң жазаламаңыздаршы. Бұлтартпау шарасының бостандықты айырумен байланысты болмағанын сұрағым келеді", - деді Хуторной. Осыдан кейін сот үкімді жариялау үшін кеңес бөлмесіне кетті. 

Сот Хуторнойды кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығына шектеу қойды. Оған тұрғылықты жерін ауыстыруға және көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынды.

Еске сала кетейік, Алматыда көлік тұрағына ақша төлегісі келмеген Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісінің атыс ұйымдастырғаны хабарланған болатын. Атыс 14 наурыз күні Абылай хан даңғылындағы Zara дүкенінің маңында болды. Кейін оқ жаудырған ер адам Иван Хуторной Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында оқиғаға қатысты өзінің нұсқасын айтып берген еді. Хуторнойдың айтуынша, ол сол күні Арбатта өзінің таныс құрбысымен жүрген. Кейін олар Абылай хан даңғылына қойылған көлігіне жақындайды. Сол кезде бір ер адам келіп, бұлардан тұрақтың ақысын сұрайды. Иван одан аумақтың жекеменшік екенін және төлемнің заңды екенін айғақтайтын құжатты көрсетуді талап етеді. Оның айтуынша, көлік тұрағы қызметкері тиісті құжатты ұсына алмады, сол кезде Иван талапқа мән бермей кетуге айналады.

Хуторнойдың айтуынша, осы сәтті көлік тұрағының қызметкері оның күртесінің жағасынан алып, бірнеше рет ұрады. Нәтижесінде атыс болып, кейін Алматы полициясы жүргізушінің үстінен атыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Айыпталушыға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратыны хабарланған еді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай