Көлік ұрлаудың жаңа схемасы: қалай қорғануға болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік ұрлаудың жаңа схемасы: қалай қорғануға болады? Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде көлік ұрлаудың жаңа схемасы туралы айтылған видео кеңінен тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде көлік ұрлаудың жаңа схемасы туралы айтылған видео кеңінен тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл схемаға блогер тап болған. Оның айтуынша, алаяқтар көліктің кілтінен шығатын сигналды бұғаттайды, ал жүргізуші күмәнданбай, автокөлігін құлыптанды деп ойлап, кетіп қалады. Арада бірнеше минут өткенде көлік ішіндегі заттар ұрлануы немесе көліктің өзі жоқ болуы мүмкін. Мұндай жағдай Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің тұрақ алаңында блогердің басынан өткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Talgat Sarsenbayev (@talgatsar)

Кілт сигналы қалай бұғатталады?

IT-маман Сергей Демидовтың айтуынша, бұл құрылғы ұялы байланысты өшіру үшін іс-шаралар немесе емтихандар кезінде қолданылатын құрылғыларға ұқсас.

"Джаммер – бұл шағын құрылғы, ол автокөлік кілтінен шығатын радиосигналды бұғаттайды. Яғни, жүргізуші "Құлыптау" батырмасын басады да көлік жабылды деп ойлайды, бірақ сигнал шын мәнінде көлікке жетпейді", – деп түсіндіреді сарапшы.

Ұрлық қалай жасалады?

Сценарий қарапайым:

  • жүргізуші көлікті тұраққа қойып, "Құлыптау" батырмасын басады;
  • сол сәтте маңайда құрылғы қосулы тұрады, ол сигналды бұғаттайды;
  • көлік ашық күйінде қалады, ал жүргізуші мұны тексермей, кетіп қалады;
  • қаскөй көлікке оп-оңай отырып, ішіндегі заттарды алып кетеді немесе көлікті айдап әкетеді.

Қалай қорғануға болады?

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін мынадай қосымша шараларды қабылдау қажет:

  • электрондық және механикалық ұрлыққа қарсы құрылғылар мен GPS-маяктарды қамтитын заманауи қорғау кешендерін орнату;
  • көлік ішінде құжаттар мен бағалы заттарды қалдырмау.

Сарапшы сондай-ақ, тек брелокқа сеніп қоймай, есіктердің шынымен жабылғанын қолмен тексеруге кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети