Көлікке арнайы құрылғылар орнатқан үшін салынатын айыппұлдар

28 Ақпан 2017, 12:22
0
Көлікке арнайы құрылғылар орнатқан үшін салынатын айыппұлдар - © РИА Новости
© РИА Новости

Қазақстанда көліктеріне арнайы жарық және дыбыс құрылғыларын орнатуға рұқсат етілген, сондай-ақ ерекше графикалық түске бояуға болатын жедел және арнайы қызметтер бар. Ал бұл қызметтерге қарасты емес көліктерге мұндай құрылғылар орнату үшін түрлі айыппұлдар белгіленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми сауалға жіберген жауабына сүйеніп.

Аталған жедел және арнайы қызметтерге: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі істер органдарының, азаматтық авиация саласы органдарының жедел қызметі, апаттық қызмет, жедел жәрдем, жекеменшік күзет ұйымдарының және көліктік бақылау органдарының жылжымалы бақылау-өткізу пунктерінің жедел әрекет топтары, ҚР Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаменті кіреді.

Аталған қызмет көліктеріне арнайы жарық және дыбыс құрылғыларын орнатуға рұқсат алу үшін әкімшілік полицияның аймақтық бөлімшесіне өтініш жазу керек.

Ал өзге көліктерге мұндай құрылғыларды орнату ҚР Әкімшілік жауапкершілік туралы Кодексі 603-бабының 2-тарауына сәйкес келесідей айыппұлдар салынады: жеке тұлғаларға 25 АЕК, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйым субьектілеріне 100 АЕК,  орта кәсіпкерлік субьектілеріне 200 АЕК, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне 2 000 айлық есептік көрсеткіш түрінде және аталған құрылғылар тәркіленеді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай