07 қазан 2014 | 21:08

Көлікке газ баллоны құрылғысын орнату шығыны жарты жылда ақталады - Школьник

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото tengrinews © мұрағатынан алынды Фото tengrinews © мұрағатынан алынды

Көлікке газ баллоны құрылғысын орнату шығыны қазіргі бағамен есептегенде жарты жылда ақталады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Көлікке газ баллоны құрылғысын орнату шығыны қазіргі бағамен есептегенде жарты жылда ақталады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер Сіздің көлігіңіз седан болса, онда оған қазіргі бағада құрылғыны 100-150 мың теңге аралығындағы ақыға орната аласыз, бензиннің бағасымен есептегенде бұл құрылғыға кеткен шығынды жарты жылда өтеуге болады. Ал жол талғамайтын көлік мінетіндер үшін бұл құрылғы шамамен 300 мың теңге тұрады. Ондайда шығын 10-12 ай ішінде өтеледі. Қазір елімізде 508 газ толтыру стансасы бар, бірақ облыс бойынша бұл мәселе әлі де өзекті" - деді министр ҚР-дағы мұнай саласын дамыту мәселелеріне арналған Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысында депутаттар қойған сауалға берген жауабында.

Школьниктің айтуынша, Қазақстанда 2,5 миллион тонна сұйылтылған газ өндіріліп, оның 1,8 миллион тоннасы экспортталады. "600 мыңын өзімізде пайдаланамыз, автокөліктер үшін бұл өте аз. Қалғанын күнделікте тұрмыста тұтынамыз. Біздің ұсынатынымыз - экспортты жекелей шектеп, мотор отыны ретінде сұйылтылған газды пайдалану бойынша нақты да түсінікті бағдарлама. Мұны тез жасауға болады. Өте жақсы бизнес" - дейді ол.

Сондай-ақ, министр бұл мәселе шешімінде белгілі бір техникалық қиындықтар барын айтты. Мысалы, газ толтыратын бекетті жанар-жағармай құю бекеті жанына орналастыруға мүлде болмайды, оған бөлек жер керек.

Алдында біз қазақстандықтар автокөлігіне қызмет ақысы арзан болғандықтан газ баллоны құрылғысын Ресейде орнатқысы келетінін айтқан болатынбыз. Мұнай саласының сарапшысы Сергей Смирнов Қазақстанда бүкіл көлікті жаппай газға көшіру тек 2017 жылы мүмкін болатынын мәлімдеген.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети