Биыл қазақстандықтар біршама дүдамал күйде қалды: карантин басталып, жазғы демалысын, саяхатын қайда өткізерін білмей дал. Оның үстіне, карантиннің қашан аяқталары да белгісіз. Бірақ пандемияның оң тұстары да бар. Мәселен, қазіргі жағдай ішкі туризмнің дамуына түрткі болды. Бұл – өз отаныңды, еліңнің көрікті жерлерін тануға, джип-триппен шатқал-тауды аралауға, кең далада саяхаттауға тамаша уақыт.
Биыл қазақстандықтар біршама дүдамал күйде қалды: карантин басталып, жазғы демалысын, саяхатын қайда өткізерін білмей дал. Оның үстіне, карантиннің қашан аяқталары да белгісіз. Бірақ пандемияның оң тұстары да бар. Мәселен, қазіргі жағдай ішкі туризмнің дамуына түрткі болды. Бұл – өз отаныңды, еліңнің көрікті жерлерін тануға, джип-триппен шатқал-тауды аралауға, кең далада саяхаттауға тамаша уақыт.
Бұл жолы біз Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының көлікпен саяхаттауға тұрарлық бес бірегей мекені жайлы сөз қозғамақпыз. Табиғатының әсемдігімен қоса оған баруға дұрыс көлікті таңдаудың да жолдарын айтып береміз. Көрікті мекеннің көбіне жол салынған, жеңіл көлікпен-ақ жетуге болады. Бірақ жол талғамайтын жайлы көлікпен барудың, жақсы эмоциямен алудың жөні бөлек.
PS: Біз ұсынған мекендерге барар алдында ресми ақпаратпен танысқаныңыз жөн: жол жабық немесе карантинге байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатуы мүмкін.
Бурабай табиғи саябағы
Рейтингті астана жұртына да, шетелдіктерге де жақсы таныс Бурабай ұлттық табиғи саябағынан бастамақпыз. Бурабайдың табиғаты керемет, ауасы таза, қарағай орман мен жауырын жартас кімді болса да баурайтыны анық. Қазақ даласында жатқан оазис атанған жер. Саябақ аумағында 14 көл бар. Ішінде әсіресе, Бурабай, Қотыркөл, Майбалық, Үлкен және Кіші Шабақты көлдері аса танымал. Аймақтың ең биік нүктесі – Көкшетау шоқысы, оңтүстігінде Бурабай тауы жатыр, биіктігі – 690 метр. Ал сол жағында Шортан шоқылары жатыр, оның ең биік нүктесі - даңқты Жеке-батыр шоқысы, 826 метр.
"Бурабай" табиғи саябағына бір күнге барып серуендеп қайтуға да, бірнеше күнге барып, жатып демалып қайтуға да болады. Көл жағасы, орман іші сейіл құруға таптырмас жер.
Бурабай астанадан 255 шақырым жерде жатыр. Оған А1 тас жолымен барады. Жол жақсы, кең жолақты асфальтталған бетон. Сондықтан жеңіл седанмен-ақ баруға болады. Бірақ көліктің қауіпсіздігі жоғары болғаны жөн. Сонда тау көліне дейінгі жолыңыз жайлы, көңіліңіз секемсіз болмақ.
Chevrolet Malibu
Мұндай жолға ең ыңғайлы көлік – Chevrolet Malibu бизнес-седаны. Дизайны заманауи, көрнекі, опциясы көп көліктің қозғалтқышына турбина қойылған, сондықтан жолда жайлы, сенімді жүреді. Ұзақ жолға шыққан сапаршының уайымы ат-көліктің амандығы мен қауіпсіздігі емес пе?! Алайда 8 қауіпсіздік жастығы орнатылған бұл көлікті тізгіндеген жанның уайымы ол емес.
Көліктің жайлылығына оның басқаруға көнгіштігімен қатар тактильді бөліктері де әсер етеді: люкспен жасалған салоны, зияткер опциясы өте ыңғайлы. Бурабаймен жүргенде, көліктің люгін ашып, сыңғырлаған BOSE аудиожүйесін қосып, қарағай орманның иісін сезінсеңіз болады.
Автокөліктің 8 қауіпсіздік жастығы, BOSE көрнекі аудиожүйесі, салқындатқышы орнатылған алдыңғы орындығы бар, салонның артқы жағына электржетек қосылған желдеткіш қойылған. Мұның бәрі саяхаттаушының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жолын жақсартуға арналған.
Көбейтұз көлі
Бұл бағыттың ашылғанына көп болған жоқ. Жақында ғана таныла бастады. Табиғаттың жұмбақ әрі көрікті мекеніне қызыққан астаналықтар Көбейтұзға қарай ағыла бастады. Көлде шомыла алмайсыз: тұзды су тобықтан ары аспайды. Ғашық жандар мен жас қыздар көрікті көлдің жанында суретке түсіп, әлеуметтік желіге жүктеу үшін, ересек жандар қызғылт суға аяғын малып, көлдің шипалы балшығымен жуыну үшін келеді.
Көлде дуналиелла атты кішкене балдырлар өседі, судың түсі содан қызғылт. Ғалымдардың есептеуінше, бұл балдыр бірнеше жылдан кейін жоғалады, яғни, уақытша өсетін өсімдік. Демек, жақын арада көлдің де қызғылт түсі жоғалады деген сөз. Сол себепті болса керек, көлге инфрақұрылым тартылмаған. Бірақ сардаладағы кереметті көзімен көргісі келгендер жол жоқ болса да, осында келуге құмар. Айтпақшы, Көбейтұздың маңында осы түстес екі көл бар, оған шомылып жуынуға болады.
Көбейтұз астанадан 200 шақырым алыста жатқан Ерейментау қаласына жақын жерде. Алайда Павлодар жақтың тас жолымен жүру керек болғандықтан, көлге дейін жетуге үш сағат уақыт кетеді. Ал "Қоржынкөл бекетінен" кейін жол нашар, ауылмаңы жолы.
Қазір көл маңы жабық жатқанын айта кеткеніміз жөн. Алайда табиғаттың өзі кең далаға сыйлаған кереметі жақын арада ашылады деген үміттеміз.
Chevrolet Tracker-дің алдыңғы панелі
Мұндай жолға SUV класты автокөлік қажет. Мәселен, Сhevrolet Tracker-дің мүмкіндігі мол. Төрт цилиндрлі қозғалтқышының көлемі үнемді, 1,8 литр болса да, өте жылдам, қуатты. 140 жылқының күшіне тең. Салоны кең, отырғанға ыңғайлы, орындықтың қос жағында тіреуіші бар. Отырған адамды мықтап ұстайды. Алдыңғы консольдің жағымды және ойластырылған дизайны және аудио жүйенің керемет акустикасы сізге көліктен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Ал егер жол талғамайтын көлікті қаласаңыз, қозғалтқыш көлемі 3,6 литр, 279 аттың күші бар Chevrolet Trailblazer таңдасаңыз болды. Толық жетекті қоссаңыз, биікке көтерілуге, қиын жолдармен жүруге ыңғайлы. Жүретін жол мен өтетін жер іздеп әуре болмайсыз.
Chevrolet Trailblazerдің артқы орындығы
Chevrolet Trailblazer, Chevrolet Tracker
Бұйратау табиғи саябағы
@alimbek_ulan
Бұйратау табиғи ұлттық саябағының табиғаты әсем, жануарлар әлемі бай. Көне дәуірді еске түсірер бейнесі бар аумақтың флорасы мен фаунасы әртүрлі, реликт нысандары бар. Адам ізі түспеген жер. Арқар, бұлан, елік пен марал таралған. Саябақ маңына енген адам оларды оңай кездестіреді.
@dinarasatzhan
Бұйратау хайкингті жақсы көретіндер үшін таптырмас мекен: үңгірі мен шағын көлдері бар. Оларды аралап бірегей маршрут құруға болады. Туристерді әсіресе, "Сұңқар тауы" аймағы қызықтырады: гранит жартас пен орман ішінде орналасқан көрікті мекен. Әулие-бұлақ бастауына келушілер көп. Одан 800 метр жерде Жаушоқы тауы жатыр, биіктігі 450 метр.
Саябақ аумағында 16 тау жотасы орналасқан. Жаяу турмен қатар атпен, велосипедпен, автокөлікпен экскурсия жасауға болады.
Бұйратау Нұр-Сұлтан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 135 шақырым жерде жатыр. Ақмола мен Қарағанда облыстарының ортасында. Алаш шоссесімен барады. Жол асфальтталған, биік жерлері де бар. Бұл жолға Сhevrolet Tracker-мен де, Chevrolet Malibu-мен да жарайды. Қиын емес.
Chevrolet Tracker
Қорғалжын қорығы
Қорғалжын қорығы да Бурабай саябағы сияқты елдің інжу-маржаны саналады. ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген. Әлемнің түпкір-түпкірінен қорықтың табиғатын, сирек құстары мен жануарлар әлемін, шексіз-шетсіз даласы мен көлін көруге, зерттеуге келетіндер көп. Арасында ғалымдар да бар. Қорықта 350 құстың түрі бар деседі. Кәсіби гидпен ұйымдастырылған экскурсия қорықтың құстары жайлы, көлі мен даласы жайлы ақпарат береді. Даланың таза ауасымен демалып, хош иісін сезінесіз.
© Александра Баянова
Қорықта экзотика, тау мен сарқырама сынды экстрим жерлер жоқ, алайда Солтүстік Қазақстанның өзіне ғана тән тамылжыған табиғатын, колоритін көресіз. Көлі мен суы, қамысы мен қуы көп аймақ. Қорықта Теңіз атты көл бар. Ондағы минералды тұз әлемдік мұхиттың тұздылығынан 5-6 есе көп. Әсіресе, көлдің көркі саналатын қызғылт қоқиқаздың орны ерекше. Қорғалжын – қоқиқаз мекендейтін әлемдегі жалғыз солтүстік өңір.
Қорғалжын қорығы Нұр-Сұлтан қаласынан 130 шақырым жерде жатыр, аумағы – 543 гектар. Жолы бар, қаладан Қорғалжын ауылына дейін екі сағатта баруға болады. Қорғалатын аймақ болғандықтан, қорықтың өзіне рұқсат қағазсыз, саябақ қызметшісіз кіруге болмайды. Кіргеннің өзінде көлікпен – жол талғамайтын көлікпен не қорық қызметкерлерінің көлігімен жүруге тура келеді. Бұл саяхатқа Chevrolet Trailblazer көлігі өте ыңғайлы, дәл келеді. Chevrolet Tracker-мен жол оңайға түседі, бәрі саяхатқа шыққан достарыңыз бен жолаушыларыңыздың санына байланысты.
Chevrolet Trailblazer және Chevrolet Tracker
"Теректі" тарихи-археологиялық кешені
©Владимир Прокопенко/Tengrinews.kz
Теректі – танымал археологиялық кешен. Бұл жерден тас дәуірінің қалдықтары, қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың тұрағы, шахта құдығы, гранит төбе, жұмбаққа толы петроглифтер, IX, ХVІІ-ХVIII ғасырларға тән қорымдар мен мазарлар, сонымен бірге көне жәдігерлер табылған.
Төбелердің бірінде кешендегі басты көрнекі орын Теректі Әулие петроглифтері орналасқан. Мұндағы петроглифтердің басты мотиві жануарларға байланысты, көбіне жылқы, түйе, бұқа бейнеленген. Суреттер көне заман адамының тұрмысын көрсетеді: мұнда аң аулауға, жабайы аңға, Күнге табыну сияқты сюжеттер бар.
©silkadv.com
Бұл жер неше түрлі аңыздармен байланысты. Сондықтан мистика, тылсым әлемге жаны құмар адамдар көп келеді. Мынадай бір аңыз бар. Бір қарт кісі осы мекенге тым жүдеп, қажып-шаршап жеткен екен. Оны көрген Тәңірі аяп, тастарды жылжытып көлеңке жасаған, жақын маңнан бұлақ жіберген. Осылайша бұл жер аса киелі атанып кеткен. Қазір бұл мекен мыңдаған адамның дұға оқып, тілек айтып, сыйынатын жеріне айналған.
Chevrolet Trailblazer салоны
“Теректі” тарихи-археологиялық кешені Нұр-Сұлтаннан 550 километр қашықта орналасқан. Сондықтан бұл саяхатқа барынша жауапкершілікпен қарап, сенімді көлік таңдаған жөн. Қуатты қозғалтқышы бар, жол талғамайтын Chevrolet Trailblazer – осындай ұзақ саяхатқа таптырмайтын көлік. Автокөлік Apple CarPlay және Android CarPlay жүйесіне ие. Ол арқылы смартфонды көлікке сымсыз байланыстырып, өз әндеріңізді тыңдап, ләззат алып барып қайтсаңыз болады. Көлік салоны кең – үш қатарлы, жеті адам сыятын салон бүкіл отбасымен саяхаттауға жағдай жасайды.
Коронавирус пандемиясы біздің қалыпты өмірімізге едәуір әсер етті. Шетелде демалыс өткізуді кейінге қалдыруға тура келіп тұр. Бірақ бұл көңіл күйді түсіруге себеп болмауы керек. Себебі еліміздің табиғаты біз ойлағаннан да сұлу әрі алуан түрлі. Бәлкім, бұл туған жердің тұмса табиғатын көріп, танып-білуге үлкен мүмкіндік шығар.
Қазір оптимистік көңіл күймен жаңа саяхатқа аттанатын уақыт. Ал Chevrolet көліктері із қайда барсаңыз да сенімді серігіңіз болуға дайын. Себебі олар Қазақстан жолдарына ыңғайланып, еш сыр бермей жеткізеді.
Еске салайық, бұл шолудағы барлық Chevrolet көлігін қазақстандықтар 4%-тік жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы бойынша несиеге ала алады. Бұл өзіңізге сай автокөлікті таңдап, ақшаны тиімді жұмсауға тамаша мүмкіндік. Бұл туралы толығырақ мына жерден біліңіз.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!