Kolesa.kz мамандары көлікті аулада қанша уақыт қыздыруға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Kolesa.kz мамандары көлікті аулада қанша уақыт қыздыруға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сарапшылар бірінші кезекте дизель көліктерін міндетті түрде қыздыру керектігін айтады. Ал таңғы уақытта барлығы жұмысқа жиналып жатқан кезде ауладағы ондаған көлік бір сәтте көлік қыздырған кезде не істеу керек?
ҚР Жол жүрісі туралы ережесінің 12-пунктіне сәйкес, қозғалтқышы қосулы тұрған көлік құралдары көршілеріне қолайсыздық тудырған жағдайда ғана оған тыйым салынады.
© pexels.com
Мамандардың сөзіне сүйенсек, көршілер наразылық танытпаса, көлікті аулада қыздыруға болады. Полицейлер де оған тыйым салып, жазалай алмайды екен.
"Бірақ Жол жүрісі туралы ережеде қозғалтқышы қосулы тұрған көліктің тұрақтауына тыйым салынатынын ескеру керек. Ережеге сәйкес, көлік белгілі бір себептерге байланысты 5 минуттан аса уақытқа тоқтатса, ол оның тұрақта тұрғанын білдіреді. Егер де сіз көлігіңізді оталдырып, ол қызғанша үйге кіріп кетсеңіз - бұл ереже бұзушылық болады. Бұл ретте сіз көлікті көп дегенде 5 минут уақыт қыздырғаныңызды дәлелдеуіңіз қажет болады. Бірақ оған полицейлер назар аудармауы да мүмкін, бірақ көршілер бұл ереже бұзушылықты видеоға түсіріп, полициялағыларға немесе ІІМ өкілдеріне жолдауы мүмкін", - дейді мамандар.
Қорытынды: ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу") - бірінші рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал бір жылда екінші рет тағы түссеңіз 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеу қажет болады. Полицейлердің аулада көлік қыздырған жүргізушілерге қолданған жазалары жайлы статистика да бар. Ол деректердің барлығы көлікті тұраққа қою ережелерін бұзған деп тіркеледі.