Көлікте отырып жолға түкіретін жүргізушілер қалай жазаланады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлікте отырып жолға түкіретін жүргізушілер қалай жазаланады? Фото instagram/grpat.org.road

Алматы полициясы жолдың жүріс бөлігіне түкіретін "түйе" жүргізушілердің қандай бап бойынша жазаға тартылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы жолдың жүріс бөлігіне түкіретін "түйе" жүргізушілердің қандай бап бойынша жазаға тартылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін grpat.org.road Instagram-парақшасында жүргізуші көліктің есігін ашып, жол бойына түкіріп жатқан видео пайда болған еді.

"Мені әрдайым барлық жерде өздерінің қандай патриот екенін айтып, айқайлап, бірақ өз жеріне, Отанына түкіретін адамдар таңғалдыратын. Олар қоқыс тастайды, артынан біреудің ата-анасы жинайды. Бұл істері өздерінің ата-бабалары мен айналасындағылардың бәріне түкіргенмен бірдей", - деп жазған пайдаланушылар пост астында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гражданский патруль - КЗ (@grpat.org.road)

Сонымен, көлігінен жолға түкіретін жүргізушілер қандай бап бойынша жазаға тартылуы керек? Бұл сұрақты тілші Алматы Полиция департаментіне жолдаған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жолда жасалғандықтан, олар ҚР Әкімшілік кодексінің 620-бабы "Жол қозғалысына қатысушыларына қойылатын талаптарды бұзу" бойынша жазаланады деп түсіндірді. Бұл бап бір реттік ескерту немесе үш АЕК мөлшерінде 10 350 теңге айыппұл салуды көздейді. Биыл 1 АЕК 3450 теңгеге тең.

"Бұл норма ЖҚЕ желісі бойынша қолданылады (Көліктегі әкімшілік заңбұзушылықтар). Құқықбұзушы көліктен қоқыс тастаса немесе түкіргенде - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 620-бабы. Егер құқықбұзушы саябақта түкіріп немесе қақыратын болса, онда 434-2 - бап қолданылады ("Жалпы пайдалану орындарының ластануы"), - деп түсіндірді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети