Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов өңірлік санитар дәрігерлер қазақстандықтардың өтініштеріне жауап бермесе, оның жеке ұялы нөміріне шағым жіберуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семей қаласының тұрғыны Байғабыловқа шағымданды. Оның айтуынша, қала автобустары лас, маршруттар аз, автобустар таңертең, кешке толы. Ол бас санитар дәрігер осы мәселеге назар аударуын сұрады.
"ШҚО-да аумақтық департамент бар, басшысы бар. Сайттан олардың мекен-жайы мен телефондарын таба аласыз. Деректерді суретке түсіріп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мобильді топтары, полиция келіп, тиісті шаралар қабылдайды.
Аймақ басшыларымен байланысу қиын болса, онда менің телефоным +7 778 01 27 000, бұл нөмірде WhatsApp бар. Маған жіберсеңіз, мен керек өңірдің басшысына жіберемін", - деді Байғабылов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!